28 қар, 2025 сағат 15:43

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бір палаталы жаңа Парламентте Президент квотасы болмайды»

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев «Бір палаталы жаңа Парламентте Президент квотасы болмайды» деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

«Мен биылғы Жолдауымда бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтердім», — деді Мемлекет басшысы бүгін.


Бұл — еліміздегі саяси өзгерістердің заңды жалғасы, деді Тоқаев. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын одан әрі нығайтуға бағытталған реформа елдің басқару жүйесін әрі қарай жетілдіруді көздейді.

Президенттің сөзінше, жаңа Парламент құрылымында — бұрынғыдай президенттік квота қарастырылмайды. Барлық депутаттар бірдей тәртіппен сайлануы тиіс. Бұл — алдағы Парламенттік реформаның маңызды қадамы.

Қазір екі палаталы жүйеде 148 депутат бар. Бірқатар азаматтар халық санына қатысты пропорционалдық жүйе арқылы депутат саны 200-ге дейін көбеюі керек деген пікір айтқан. Бірақ Тоқаев депутат санын көбейтудің қажеті жоқ екенін, керісінше, Парламент жұмысын оңтайландыру керек екенін атап өтті.

«Парламенттік реформа – екі палатаны жай біріктіре салу емес. Депутат санын тым көбейтудің қажеті жоқ. Біз жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталдық», — деді Президент.


Сонымен қатар, бұл бастама қоғамда қызу талқыланып жатқанын, парламент құрылымы мен депутаттық сайлау тәртібі туралы ұсыныстар мен пікірлер көп екенін айтты.

Мемлекет басшысы жаңа жүйені түсіндіру мен пікір алмасуды халықпен ашық жүргізудің маңызын ерекше атап өтті.