18 мам, 2026 сағат 10:33

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен, Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ult.kz.

Шет мемлекеттер басшылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап,  Қазақстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметі одан әрі табысты болуына тілектестіктерін білдірді. 

Сонымен қатар тараптар екіжақты және сан қырлы күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.