15 мам, 2026 сағат 11:22

Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Президент Үндістанның Уттар-Прадеш штатында орын алған қатты дауыл мен нөсердің салдарынан көптеген адамның опат болуына байланысты Нарендра Модиге көңіл айтты, деп хабарлайды Ult.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың жақындарының қайғысына ортақтасып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін жеткізді.