Фото: ашық дереккөз
Мемлекет басшысы боксшы қыздардың асқан шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері мен отаншылдық сезімі жанкүйерлерді тәнті еткенін атап өтті, деп хабарлайды Ult.kz.
Президент ұлттық құрама мүшелеріне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелес Олимпиадасында биіктен көрінуіне тілектестік білдірді.
Айта кетейік, Дина Исламбекова мен Надежда Рябец Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатының чемпиондары атанды.
