14 қар, 2025 сағат 10:38

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев хатта Ресейге жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша Владимир Путинге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Ult.kz.

– Жылы жүздесу, өзара сенім, түсіністік пен ашықтық сипатында өткен келіссөздер сапардың сәтті болуына септігін тигізді. Қазақстан халқы мұны зор ықыласпен қабылдады. 
Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне жеткізу жөніндегі декларация айрықша мәнге ие. 
Бұл құжат елдеріміздің сан қырлы ынтымақтастығын айтарлықтай нығайтады, – деп жазды Мемлекет басшысы.


Айта кетейік, күні кеше Тоқаев пен Путин Кремльде кездесіп, стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеру туралы декларацияға қол қойды.