05 нау, 2026 сағат 11:21

Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық нысандарда қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ өңір әкімдеріне бірқатар нақты тапсырма жүктеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, тіршілікті қамтамасыз ететін стратегиялық нысандарда қауіпсіздік шаралары күшейтілуі тиіс. Бұл ең алдымен көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылым нысандарына қатысты. Сонымен қатар әуежайлар, теңіз және өзен порттарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру міндеті қойылды.

Аталған жұмысты жалпы үйлестіру Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді.