26 жел, 2025 сағат 16:36

Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

Фото: Ақорда

2025 жылғы 26 желтоқсанда, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Ult.kz. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі ресми хабарлама жариялады:

"Мемлекет басшысы "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды", - делінген хабарламада.


Заңның мақсаты – тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру.