25 мам, 2021 сағат 13:54

UFC қазақстандық жекпе-жек шеберін «қауіпті спортшы» деп таныды


UFC-дің Twitter-дегі еуропалық аккаунты қазақстандық жекпе-жек шебері Дамир Ысмағұловтың (23-1) Лас-Вегаста өткен UFC Flight Night 188 турниріндегі өнерін жоғары бағалады, деп хабарлайды Sports.kz.

Ысмағұлов бразилиялық боксшы Рафаэль Алвесті (19-10) төрешілердің бір ауыздан қабылданған шешімімен жеңді. 

«Не дейік, бұл 18 ойыннан тұратын жеңісті серия болып отыр! Дамир Ысмағұлов – осы дивизиондағы нағыз қауіпті спортшы», - деді UFC-де. 

Ысмағұлов ММА-да жалғыз рет 2015 жылы жеңілген. Оның UFC-дегі жекпе-жектеріне келер болсақ, төрт кездесуінің төртеуінде де жеңіске жеткен – ол Тьяго Мойзесті (15-4), Хоэль Альваресті (18-2), Алекс Горджесті (7-1) және Рафаэль Алвесті (19-10) жеңді.