21 сәу, 2020 сағат 14:18

Қай өңірлерде өрт қаупі жоғары

Қазақстанның төрт аумағында 70 орман және 513 дала өрті тіркелді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазіргі уақытта біз өртке қарсы шараларды жүзеге асыруға кірісіп кеттік. Бұған дейін айтанымыздай, Қазақстан аумағына көктем 2 апта жуық ерте келді. Сондықтан өрт қаупі Түркістан, Батыс Қазақстан, Алматы және Павлодар облыстарында сақталып отыр. Бұл өңірлерде 70 орман өрті және 513 дала өрті тіркелді», - деді министр орынбасары. 

Оның айтуынша, осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменттерінің мамандары жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге орман алаптары мен адамдар демалатын жерлерді шолғындау жұмысына кіріскен. 

«156 адам ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға орман және дала өрттерінің шығуына себеп болғаны үшін айыппұл салынды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді», - деді Юрий Ильин.