27 мам, 2021 сағат 15:00

"Қайрат" 68 жастағы Бердыевті жаңа қызметке тағайындады


Алматылық "Қайрат" 68 жастағы маман Курбан Бердыевті клубтың Бақылау кеңесі төрағасының кеңесшісі қызметіне тағайындады.  Бұл туралы құрамның ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Тәжірибелі маман үш бағытта жұмыс істемек: негізгі құрам, клуб Академиясы мен "Қайрат" Мәскеу жобасының жұмысын алып жүру және кеңес беру. 

Бұл жұмысты атқару үшін ол үнемі Алматыға келіп тұруы тиіс болады, сонымен қоса, жұмыс онлайн форматта та жүреді. 

Бүгін Академияның бапкерлер құрамымен кездесу өтіп, оның барысында Академияның U-14 және U-15 командаларының жаттығуына сараптама жасалған. 

Мұның алдында, Бердыев 33 жастағы Шпилевский орнына келетіні хабарланған болатын. Қазақстан чемпионы биылғы маусымды нашар бастады, команда 13 турда бес рет қана жеңіске жетті

Айта кетейік, Құрбан Бердыев 1991 жылы Мәскеудегі жоғары жаттықтырушылар мектебін бітіріп, екі жыл "Қайрат" бас бапкерінің көмекшісі қызметін атқарған. 1994-1995 жылдары Алматы клубының бас бапкері болды.