Фото: "Қайрат" ФК
Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы соңғы үй кездесуінде бельгиялық «Брюггеден» 1:4 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Ult.kz.
Ойын басында алаң иелері қарсылас қақпасына бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, есеп ашылмады.
32-минутта «Интер» академиясының түлегі Станкович «Қайрат» қорғанысын бұзып өтіп, матчтағы алғашқы голды соқты. Ал 38-минутта Ванакен тағы бір нәтижелі соққы жасап, есепті 2:0-ге жеткізді.
Екінші таймда «Брюгге» ойын тізгінін толық қолға алып, 74 және 84-минуттарда тағы екі гол соғып, басымдығын арттырды. Кездесудің соңына қарай «Қайрат» сапынан Әділет Садыбеков бір доп айырмасымен жауап қайтарды.
Нәтижесінде алматылық клуб өз алаңында 1:4 есебімен жеңіліс тапты. «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы соңғы ойынын 29 қаңтарда «Арсеналға» қарсы өткізеді.
