06 қар, 2025 сағат 10:49

«Қайрат» «Интерге» қарсы тартысты ойында жеңіліп қалды

Фото: Getty Images

Миланның әйгілі «Джузеппе Меацца» стадионында өткен УЕФА Чемпиондар лигасының төртінші турындағы кездесуде алматылық «Қайрат» сырт алаңда «Интерден» 1:2 есебімен ұтылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Алғашқы таймның соңында миландықтар есеп ашты — Лаутаро Мартинес 45-минутта дәл соққысымен көзге түсті. Алайда үзілістен кейін «Қайрат» ойынды жандандырып, 55-минутта Офри Арад бұрыштан келген допты баспен қақпаға дәл бағыттап, есепті теңестірді.

Бірақ 67-минутта «Интердің» жартылай қорғаушысы Карлос Аугусто жеңіс голын соғып, командасына үш ұпай сыйлады.

Айта кетейік, бұл кездесуге дейін италиялық клуб Чемпиондар лигасында бірде-бір гол жібермеген еді. Алматылықтар алғашқылардың бірі болып бұл статистиканы бұзып, турнирдің басты фавориттерінің бірімен лайықты деңгейде ойын көрсетті.