Фото: «Қайрат» Instagram
UEFA Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойында «Қайрат» Португалияның «Спортингіне» 1:4 есебімен ұтылды, деп хабарлайды Ult.kz.
Алғаш рет негізгі құрамға шыққан 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмырза бірнеше қауіпті соққыны қайтарды. Дегенмен, алғашқы тайм соңында Франсиску Тринкан есеп ашты. Екінші бөлімде қазақстандық клуб қателіктерге жол беріп, төрт минут ішінде тағы үш гол жіберді. 86-минутта Эдмилсон бір гол соғып, айырмашылықты қысқартты.
Келесі ойында алматылық команда 30 қыркүйекте өз алаңында Испанияның «Реал Мадридімен» кездеседі. Бұдан бөлек, олар «Интер», «Арсенал», «Брюгге», «Олимпиакос», «Пафос» және «Копенгагенге» қарсы бақ сынайды. Барлығы сегіз ойын өткізіледі, оның жартысы Алматыда өтпек.
