04 қаз, 2022 сағат 14:54

Қазақ файтері UFC рейтингінде МакГрегордың алдына түсті


Дамир Исмағұлов UFC рейтингінде бір саты жоғары көтерілді, деп жазады "Ұлт ақпарат" Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Қазақ файтері жаңартылған рейтингте 11-орынға жайғасқан. Осылайша, ол Конор МакГрегордың алдына жайғасты. Ирландиялық тізімде 12-орында тұр. 

Жеңіл салмақ рейтингін Чарльз Оливейра бастап тұр. Үздік үштіктің қатарында Дастин Порье мен Джастин Гэджи бар. 

Айта кетейік, Исмағұлов өзінің келесі кездесуін ресейлік Арман Царукянға қарсы өткізеді. Бұл жекпе-жек 17 желтоқсан күні Лас-Вегаста UFC Vegas 66 турнирінде өтеді.