22 мау, 2020 сағат 15:24

Қазақстан ауған халқына 46 вагон гуманитарлық көмек жеткізді

Қазақстаннан барған гуманитарлық көмек Ауғанстан Ислам Республикасының халқына ресми тапсырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, ішінде 1900 тонна ұн, 500 тонна макарон өнімдері, 4 мың литр күнбағыс майы және 200 мың қоюлатылған сүт банкасы кіретін 46 вагон гуманитарлық жүк жеткізілді. 

Ресми іс-шараға Балх провинциясы әкімшілігінің, Ауғанстан СІМ және Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігінің өкілдері қатысты.

Аталған азық-түлік өнімдерін АИР үкіметі елдің мұқтаж аймақтарына таратады.