05 қар, 2020 сағат 16:54

Қазақстан Елшісі Оман Сұлтанына сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Нәжмедин Мұхаметәліұлы Оман Сұлтаны Хейсам бен Тариқ әл-Саидке сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты рәсім барысында дипломат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемдемесі мен ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстан тарапының ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Осы ретте, екі ел арасындағы экономикалық, инвестициялық және мәдени әрекеттестікті одан әрі кеңейту мақсатында үкіметаралық комиссияны құрудың маңыздылығы айтылды.

Өз кезегінде, Сұлтан Хейсам бен Тариқ Қазақстанды өз елінің сенімді әрі маңызды әріптесі ретінде қарастырып, екіжақты қарым-қатынасты әрі қарай тереңдетуге әзірлігін жеткізді.