29 жел, 2025 сағат 15:21

Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» атты тұжырымдамасы бекітілді, деп хабарлайды Ult.kz.

Құжат Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі дамытуды көздейді. Тұжырымдамада қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, сондай-ақ ел азаматтарын ортақ құндылықтар төңірегінде ұйыстыруға бағытталған жаңа қағидаттар мен тәсілдер айқындалған.

Аталған тұжырымдама этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге, азаматтық бірегейлікті нығайтуға және қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға негіз болмақ.