13 сәу, 2020 сағат 11:40

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде өз орнын сақтап қалды

Қазақстан ұлттық командасы Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясының (ФИФА) рейтингінде 2020 жылғы ақпан айындағы жағдай бойынша өз орнын сақтап қалды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті хабарлады.

Михаил Билектің командасы 118-ші орында қалып отыр. Футболшыларымыз соңғы ойындарын 2019 жылдың қараша айында өткізген болатын. 

Еске сала кетсек, COVID-19 пандемиясына байланысты биылғы жылдың старт ойындары өткізілген жоқ. Қазақстан командасы 27 наурызда Литваға қарсы, ал 30 наурызда Армения командасына қарсы ойын өткізуі тиіс еді. Құрамамыздың Ұлттар лигасындағы қарсыластарына келетін болсақ, Албания 66-шы орында, Беларусь командасы – 87-орында, ал Литва — 131-орында тұр. 

1. Бельгия - 1765; 

2. Франция - 1733

3. Бразилия - 1712;

4. Англия - 1661; 

5. Уругвай - 1645; 

6. Хорватия - 1642; 

7. Португалия - 1639; 

8. Испания - 1636; 

9. Аргентина - 1623;

10. Колумбия - 1622; 

24. Украина - 1537; 

38. Ресей – 1470; 

66. Албания – 1356; 

85. Өзбекстан - 1289; 

87. Беларусь - 1280; 

91. Грузия - 1267; 

96. Қырғызстан - 1240; 

102. Армения - 1213; 

103. Эстония - 1202; 

114. Әзербайжан - 1177; 

116. Солтүстік Корея - 1170; 

117. Намибия - 1160; 

118. Қазақстан - 1155; 

118. Сьерра-Леоне - 1155; 

118. Гвинея-Бисау - 1155; 

121. Тәжікстан - 1152; 

129. Түрікменстан - 1107; 

131. Литва - 1089; 

137. Латвия - 1079; 

175. Молдова – 959.