31 шіл, 2022 сағат 10:11

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы 4 жылға спорттан шеттетілді


Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы 26 жастағы Айбол Әбікен допинг қолданғаны үшін төрт жылға спорттан шеттетілді, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, спортшы бұған дейін допинг пайдаланды деп айыпталған болатын.

Ойыншының допинг сынамасы оң нәтиже бергенін журналист Сергей Райлян мәлімдеді.

"Ол футболға 2026 жылдың 29 сәуіріне дейін орала алмайды. Бұл мансаптың соңы ма?", - деп жазды Райлян.

Әбікен наурыз айында Молдовамен өтетін УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі алдында допинг сынамасынан өте алмаған.

Айта кетейік, 2022 жылы ол Қазақстан Премьер-Лигасындағы ең қымбат ойыншы атанды. Павлодарлық "Ақсу" командасында ойнаған.

Айбол Әбікен - Алматы футбол мектебінің түлегі. Жасыл алаңдағы алғашқы кездесуін 2017 жылы "Қайрат" сапында өткізді.