08 шіл, 2022 сағат 16:42

Қазақстан теннисшілерінің Билли Джин Кинг кубогындағы қарсыластары анықталды


Лондон қаласында Билли Джин Кинг кубогы финалдық бөлігі топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, еліміздің әйелдер құрамасы С тобына түсті. 

Қазақстандық теннисшілер корт иесі – Ұлыбритания, сондай-ақ Испания құрамасымен ойнайды. 

Айтулы дода Шотландияның Глазго қаласында 8-13 қараша күндері өтеді. 

Қазақстан әйелдер құрамасы (капитаны Ярослава Шведова) биылғы сәуірде елордада командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Германия теннисшілерін ұтып, өз тарихында алғаш рет Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакинаның алғаш рет Уимблдон турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Мемлекет басшысы Рыбакинаны жеңісімен құттықтады.