29 шіл, 2025 сағат 13:11

Қазақстанда балалардың спорт жарыстарына қатысу жасы нақты бекітілді

Фото: Sm1.kz

Туризм және спорт министрлігі бірқатар олимпиадалық спорт түрлері бойынша балалардың жарыстарға қатыса алатын ең төменгі жас мөлшерін бекітті, деп хабарлайды Ult.kz.

Жаңа ереже 1 тамыздан бастап қолданысқа енеді.

Мысалы:

  • Велоспорт – 13 жастан

  • Ат спорты, нысана көздеу – 12 жастан

  • Еркін күрес, академиялық есу – 10 жастан

  • Футбол, хоккей, баскетбол – 8 жастан

  • Жүзу, сноуборд, үстел теннисі – 7 жастан

  • Құзға өрмелеу, бадминтон – 6 жастан

  • Спорттық гимнастика, батут – 5 жастан

Толық тізімді министрліктің сайтынан көруге болады. Бұл шешім жасөспірімдердің денсаулығын қорғау және жүктемені реттеу мақсатында қабылданды.