
Нұр-Сұлтанда қандай ұйымдар мен жекеменшік мекемелер карантин аяқталғанша жұмыс істемейді?
«Хабар 24» арнасында өткен онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Карантин аяқталғанға дейін балабақшалар мен балаларға арналған әртүрлі қосымша білім беру ұйымдары жабық болып қала береді. Мектепте білім беру тәртібі қашықтан оқыту режимінде жалғасады», - деді Дәурен Абаев.
Министр карантиннің соңына дейін барлар мен ойын, түнгі клубтардың, көңіл көтеруге арналған мекемелердің, білім беру және жоғары білім беру нысандарының, музейлер мен кинотеатрлардың жұмысы басталмайтынын хабарлады.
