18 қыр, 2023 сағат 16:16

Қазақстанда қанша киік бар екені белгілі болды

Фото: gov.kz

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстандағы киіктердің санын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Көктемгі аэротүсірілім нәтижелері бойынша киіктердің Орал популяциясы - 1 130 бас, ал Қазақстан бойынша 1 миллион 915 мың бас болды. Болжамдарға сәйкес, биылғы жылдың аяғында киіктердің жалпы саны төлдеуді есепке алғанда 2,6 миллион болады. Бірақ бұл ретте киіктердің көп болуы ауылшаруашылығында жайылымдар мен суару орындарында бәсекелестікті күшейтіп, егіннің бүлінуіне әкеп соғады", - деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким.