30 шіл, 2020 сағат 16:52

Қазақстанда карантинге жабылған сауда нысандары қашан ашылады?

Қазақстандағы сауда нысандарының алғашқысы қашан ашылады? Бұл сұраққа Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«17 тамыздан бастап санитарлық талаптарға жауап беретін нысандар жұмысын бастайды», - деді Ералы Тоғжанов ОКҚ-да тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық санаттағы азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлар, балалардың коррекциялық кабинеттері, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, топтық үйірмелер (бес баладан аспауы керек), балалардың мектепке дейінгі мекемелері (кезекші топ режимінде жұмыс істеуге рұқсат), сән-салондары, косметикалық қызмет көрсететін орталықтар осы талаптарға сай болуы керек.