15 там, 2025 сағат 13:46

Қазақстанда меритократия жеңді: Тоқаев биліктегі "отбасылық жүйенің" жойылғанын мәлімдеді

Фото: Ақорда

Бүгін өткен Республикалық тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі саяси және қоғамдық өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Ult.kz.

Президенттің сөзінше, соңғы жылдары Қазақстанда саяси жүйе толық жаңарып, ұлттық экономиканың жаңа бағыты айқындалды. Қоғамда заңға құрмет пен тәртіпті сақтау мәдениеті қалыптасып келеді.

— «Мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шықты. Билікте де «отбасылық жүйе» жоқ. Қызметке тағайындауда үміткердің білімі мен кәсіби білігі бірінші кезекте ескеріледі», — деді Тоқаев.


Мемлекет басшысы қоғамның түбегейлі жаңғыруы үшін сананы өзгерту маңызды екенін атап өтті. Бұл ретте ұстаздарға ерекше жауапкершілік жүктелетінін айтты: «Нағыз адал азамат мектеп қабырғасында қалыптасады».