Фото: Ақорда
Бір палаталы парламентте 145 депутат болады. Бұл туралы Қызылордадағы құрылтайда президент Тоқаев айтты.
«Жұмыс тобы келіп түскен өтініштерді жинақтап, парламенттік реформаны жан-жақты қарастырды. Бұл жұмыстарды бақылауымда ұстадым. Бір сөзбен жарты жылға жуық талқыланып жатыр. Бір палаталы парламентті халық қолдап отыр. Депутат санын көбейтудің қажеті жоқ. Мәселе санда емес, сапада», — деді президент.
Президенттің айтуынша, Жаңа парламентте төрағаның 3 орынбасары болуы керек, ал комитет 8-ден аспауы тиіс.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында Вице-президент институтын құруды және оны Конституцияда тиісті түрде бекітуді ұсынды.
Сондай-ақ вице-президентті Президент Парламенттің келісімімен тағайындайтынын айтты.
Оның өкілеттіліктерін Мемлекет басшысы айқындайды.
