02 қыр, 2025 сағат 15:44

Қазақстанда жеті қалада 7 стадион салынады


Фото: gov.kz


Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов үкімет отырысында Қазақстандағы жаңа стадиондар құрылысының барысы туралы айтты. 


Министр Алматыда жаңа стадион салу жоспарланып отырғанын жеткізді. 


"Жеті қалада жеті стадион салуға жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Қызылордада УЕФА стандарты бойынша үшінші санатқа сәйкес келетін стадион күзде пайдалануға беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен стадиондар салу жұмыстары басталып кетті", – деді Мырзабосынов.



Министрдің айтуынша, стадиондардың мемлекетке тигізетін түпкілікті құны жобалау жұмыстары аяқталған соң белгілі болады.


"Мемлекет басшысы шетелдегі жеке клубтарды мысалға алып, стадиондарды ел қаржысынан қаржыландырмау жөнінде міндеттер қойды", – деді министр.