07 сәу, 2023 сағат 11:19

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері UFC-ге ауысты


Танымал аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм (16-0) UFC промоушніне ауысты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандық спортшы UFC-ге жеңіл салмақ дәрежесінде чемпион болған Octagon лигасынан ауысты.

"Азат Мақсұм өз салмағында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген OCTAGON лигасы чемпионы атағына ие. Біз Мақсұмның UFC-мен келісімге келгеніне өте қуаныштымыз. Азат – OCTAGON лигасы жауынгерлері үшін ашылатын мүмкіндіктердің жарқын дәлелі, - деп жазды лига.

Келісімшартқа қол қойылғаны туралы ақпаратты менеджер Саят Әбдірахманов та растады.