21 шіл, 2022 сағат 13:14

ӘЧ: Қазақстандық атлет "алтын" алғаннан кейін пікір білдірді


Қазақстандық жеңілатлет Нора Джеруто Орегондағы әлем чемпионатында "алтын" алғаннан кейін алғаш рет пікір бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде бірінші орын алды. Ол қашықтықты 8:53,02-де жүріп өтіп, әлем чемпионаты рекордын орнатты. Сондай-ақ, ол маусымдағы ең жақсы нәтижесін жаңартқан.

"Старт алдында эфиопиялық әріптестерімнен қорыққан едім. Олардың әлеуетін білемін, олар да - мен сияқты чемпиондар. Сондықтан қорықтым. Дегенмен жеңіске жету үшін барымды салдым. Бұл оңай болған жоқ.

Алда жүгіріп отыруды ұйғардым, жағдайды қашықтан бақылауды ұнатамын. Өйткені медаль үшін күресе алатыныма сенімді болғым келді.

Мен әкем мен анама, бапкеріме және бәсекелестеріме, сонымен қатар менеджерім мен әпкем Дэйзи алғыс айтуым керек. Ол бұл қашықтықта финалға өте алмады, бірақ мен оған келесі чемпион сол болатынын айтқым келеді", - деп келтіреді Worldathletics Джерутоның сөзін.

Еске салайық, Кенияның тумасы Джеруто Қазақстанға 2017 жылы көшіп келген. 2022 жылы ол әлем чемпионатында Қазақстан атынан шығуға ресми рұқсат алды.