18 ақп, 2020 сағат 11:47

Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында «алтын» алды

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 89 кг. дейінгі салмақ дәрежесінде 360 кг. (165+195) қоссайыс нәтижесі бойынша Нұрғиса Әділетұлы алтын медаль жеңіп алды.

Бұл туралы ҚР Мәденмет және спорт министрлігі өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктің мәліметі бойынша, осы сында екінші орын Корея республикасының өкілі Енг Хунге 324 кг (142+182) бұйырды.

Үшінші орынды Өзбекстан өкілі Хакимжон Шамшитдинов 323 кг (144+179) иеленді.