14 ақп, 2026 сағат 12:22

Қазақстандық фигурист Михаил Шайдоров Милан Олимпиадасының чемпионы атанды

Фото: Olympic.kz

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Ult.kz.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров өзінің еркін бағдарламасында рекордтық 198.64 ұпай жинап, алтын медальді жеңіп алды.

Турнирдің қорытындысы (24 қатысушы):

1-орын. Михаил Шайдоров - 291.58 ұпай

2-орын. Юма Кагияма (Жапония) - 280.06 ұпай

3-орын. Шун Сато (Жапония) - 274.90 ұпай