15 мау, 2021 сағат 08:31

Қазақстандық футболшы Беларусь чемпионатындағы үздік 10 ойыншы қатарына енді


Қазақстандық футболшы Владислав Васильев Беларусь Жоғары лигасының 12-айналымындағы үздік он ойыншы қатарына енді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық жартылай қорғаушы беларусь Жоғары лигасының өткен турында үздік он ойыншы қатарына еніп, 300 ұпай көрсеткішпен рейтингіде сегізінші орында тұр. 

Еске сала кетейік, «Гомельге» қарсы ойында Қазақстан құрамасының футболшысы екі нәтижелі пас беріп, 83-минутта жеңіс голын соқты. «Энергетик-БГУ» кездесу барысында 3:2 есебімен жеңіске жетті.

2020-2021 маусымда Васильев төрт гол соғып, алты нәтижелі пас берді.