12 қаң, 2026 сағат 11:51

Қазақстандық киберспортшы 2025 жылдың үздік ойыншысы атанды

Фото: ашық дереккөз

Отандасымыз Данил Голубенко (Molodoy) Counter-Strike 2 дисциплинасы бойынша HLTV Awards 2025 марапатында «Жылдың үздік жаңадан шыққан ойыншысы» (Rookie of the Year) атанды, деп хабарлайды Ult.kz.

Осылайша, Данил Голубенко әлемнің үздік киберспортшылары рейтингінде топ-6 ойыншының қатарына енді.
Қазіргі таңда Данил Голубенко бразилиялық FURIA командасының құрамында өнер көрсетеді.