03 ақп, 2020 сағат 11:55

Қазақстандық көркем гимнастшылар Мәскеуде сынға түседі

Ресей астанасы Мәскеуде көркем гимнастикадан өтетін Гран-при турнирі мен халықаралық жарыста Қазақстанның үздіктері - Алина Әділханова мен Адиля Тілекенова ел намысын қорғайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, аталған дода 7-9 ақпан аралығында Мәскеуде өтеді.

Алина Әділханова 7-8 ақпан күндері Алина Кабаеваның жүлдесі үшін халықаралық турнирде ел намысын қорғаса, Азия ойындарының жеңімпазы, құрама үздігі Адиля Тілекенов 7-9 ақпан аралығында өтетін көркем гимнастикадан Гран-при турнирінде сынға түседі.