
Төтенше жағдай кезінде отандық операторлар әлеуметтік осал топтар үшін интернетке жеңілдік береді.
Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте «Қазақтелеком» АҚ басқарма басшысы Қуанышбек Есекеев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Ауылдық аймақтарда интернетке қатысты бірнеше мәселе бар. Өзім интернет форум өткізген кезде мыңға жуық сұрақ келді. Қашықтан оқыту кезінде шалғайдағы елді мекендерде интернет жылдамдығына қатысты біраз шағымдар түсті. Алдағы уақытта бұл мәселелер шешіледі», - дейді «Қазақтелеком» АҚ басқарма басшысы Қуанышбек Есекеев.
Ол төтенше жағдай кезінде отандық операторлар әлеуметтік осал топтар үшін интернетке жеңілдік беретіні туралы айтты.
«Біз барлық қызметті абонентттік төлемге кіргізбей беріп отырмыз. Ішкі қызмет үшін ақы алмаймыз, бірақ YouTube сияқты шетелдік қызмет үшін ақы аламыз. Карантин кезінде интернет қолданушылар саны артты. Карантинге дейін бір күн ішінде 200 мың адам, ал карантиннен кейін 650 мың адам интернет желісіне қосылғанын көріп отырмыз», - дейді ол.
