28 мам, 2021 сағат 10:24

Қазақстандық теннисшілердің Ролан Гаррос турниріндегі қарсыластары белгілі болды


Қазақстандық теннисшілердің Ролан Гаррос турниріндегі қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Франция ашық чемпионаты 30 мамыр - 13 маусым аралығында Париждегі «Ролан Гаррос» спорт кешенінің корттарында өтеді. 

Жекелей сында елімізден бес бірдей спортшы өнер көрсетеді. 

Қазақстанның бірінші, әлемнің 37-ракеткасы Александр Бубликке қиын қарсылас тап болды. Ол алғашқы айналымда әлемнің 2-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевпен шеберлік байқасады. Михаил Кукушкин испаниялық Алехандро Давидович-Фокинамен кездеседі. 

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина франциялық Эльза Жакмоны сынап көреді. 

Юлия Путинцеваның қарсыласы осал емес, ол Тунис өкілі Онс Жабермен күш сынасады. 

Зарина Дияс ұлыбританиялық Хизер Уотсонмен кортқа шығады.