15 сәу, 2020 сағат 16:15

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстаның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында 16 сәуір күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғып, жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел еседі. Ақтауда күндіз шаңды дауыл соғады, солтүстік-батыстан ескен желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%. 

Ақтөбе облысы мен Ақтөбеде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90 %. 

Атырау облысында оңтүстіктен соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90 %. 

Жамбыл облысында 16 сәуір түнде, 17 сәуір күні солтүстік және таулы аудандарда күн суытады, 1 градус аяз болады. 16 сәуір күні найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетуі ықтимал. Кей жерлерге тұман түседі. Таразда 16 сәуірде тұман түседі. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%. 

16 сәуірде Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. 

Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15 м/с болады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90 %. 

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с болады деген божам бар. 

Қостанайда оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с болады.