
Күн райына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Күндіз 9 мамырда Ақмола облысында шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 9 мамырда шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел шығыстан соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қарағандыда 9 мамырда жел шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Жезқазғанда 9 мамырда жел шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал.
9 мамырда Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде күн күркірейді, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.
Күндіз 9 мамырда Атырау облысының кей жерлерінде батыс, солтүстік батыстан соғатын желді жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Атырауда күндіз 9 мамырда батыс, солтүстік батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі.
9 мамырда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай ойнайды, бұршақ, күндіз оңтүстік шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Оралда 9 мамырда кешке қарай күн күркірейді.
