16 мау, 2021 сағат 15:29

Қазақстанның футболдан қыздар құрамасы жолдастық матчта Арменияны ойсырата жеңді


Қазақстанның футболдан әйелдер құрамасы Ереванда өткен екінші жолдастық мачта Армения құрамасын сенімді жеңді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

15 мусым күні Ереванда Вазген Саркисян атындағы республикалық стадионда Қазақстан мен Арменияның әйелдер құрамасы арасында жауапты матч өтті. 

Кездесу Қазақстан ұлттық құрамасының сенімді жеңісімен аяқталды – 3:0. 

Қазақстан құрамасында гол соққандар: Б. Қырғызбаева (4), С. Бортникова (13) және А. Тұрлыбекова (81).

Қазақстан мен Арменияның әйелдер құрамасы арасындағы алғашқы матч 12 маусым күні болды. Қазақстандықтар қарсыластарынан 1:2 ұпаймен жеңіліс тапты.