Фото: ашық дереккөз
Кентау қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған екі өгей қызына қатысты зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы полицияға қыздардың туысы арызданған, деп хабарлайды Ult.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қылмыс шамамен 5 жыл бұрын жасалған. Алайда аталған жайт бойынша полицияға арыз 2025 жылдың желтоқсан айында ғана түскен. Оқиға болған кезде екі қыз да кәмелетке толмаған.
Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта жәбірленуші қыздар анасының қасында. Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
