11 қыр, 2020 сағат 15:35

Кенжехан Матыжанов: Бала тәрбиесін арналған ата-аналар кітапханасын жасау қажет

Бала тәрбиесіне арналған ата-аналар кітапханасын жасау қажет. Мұндай пікірді М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Отбасы деп айта бергеннен, отбасы тәрбиесін жақсартайық дегеннен ештеңе шықпайды. Ең алдымен, отбасыдағы тәрбиенің контентін күшейтуіміз керек. Мәселен, қазір жас аналалар балаларына тәрбие бергісі келеді. Бірақ, бірде-бір оқу құралы жоқ. Сондықтан ата-анаға баланы қалай тәрбелеу, қалай тамақтандыру, қалай бағып-қағу керек деген мәселеге арналған Ата-аналар кітапханасын жасаған жөн. Сонда ғана отбасына аздаған болсын көмек көрсетеміз. Бұған қоса, балабақшаларда контент те жетісіп тұрған жоқ. Балабақшада ұлттық тәрбие беретіндей қазақ ертегілерінен бастап, мультфильмдер әлі күнге жетіспейді. Тәрбиешілердің жағдайын да қарастыру керек. Олардың жалақысын ең жоғары деңгейге көтеруге тиіспіз», - деді ол Отбасы күні аясында өткен дөңгелек үстел отырысында. 

Оның дерегінше, Финляндияда жоғары оқу орындарына түскен кездегі ең жоғары конкурс «балабақша тәрбиешісі» мамандығына болады. 

«Баланың миының, жалпы дағдыларының қалыптасуы 3 жасқа дейін жүреді. Сол себепті отбасыдағы тәрбие ерекше мән беруге тұрарлық дүние. Егер біз отбасын жөндеп алар болсақ, онда келешектегі балабақшаның жағдайы да, мектептің де жағдайы түзеледі», - Кенжехан Матыжанов.