
Дүйсенбі күні Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға анықталмаған модельдегі снаряд ұшырды. Бұл туралы Yonhap агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Агенттіктің жазуынша, снарядтың ұшырылған орны мен саны туралы мәліметтер әзірге түспеген.
Бұл, КХДР-дың биыл өткізген қарудың алғашқы ірі сынағы. Айта кету керек, өткен жылы АҚШ-пен ұзаққа созылып кеткен ядролық қарусыздандыру бойынша келіссөздер аясында Солтүстік Корея зымырандарды 13 рет сынақтан өткізген болатын.
Өзінің жаңажылдық жолдауында Пхеньян жақын арада «жаңа стратегиялық қарудың» пайда болатынын және «күтпеген әрекеттер» туралы ескерткен еді.
Сарапшылардың пікірінше, «стратегиялық қару» суасты қайығынан жіберілетін құрлықаралық баллистикалық ракетаның немесе баллитискалық ракетаның жетілдірілген түрі болуы мүмкін.
