
Оңтүстік Кореяда жүрген қазақстандықтар медициналық мекемелерге жүгінуден қорқады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматтары өздерінің мәртебесінен қорқып, медициалық мекемелерге жүгінбеуі мүмкін. Осыған орай, біздің Елшілік Аурулардың алдын алу және бақылау корей орталығымен азаматтарымыздың мәртебесіне қарамастан кез келген медициналық мекемеге жүгініп, тексеруден өтуіне уағдаласты. Корей тарабы бұл вирустың мұнан ары таралмауына мүдделік танытып отыр», - деді Айбек Смадияров.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Оңтүстік Кореяда 12 мыңнан астам қазақстандықтың заңсыз жүргенін мәлімдеген еді.
