27 ақп, 2026 сағат 13:32

Қорғаныс министрінің атынан тараған бейнеролик – жалған

Фото: Қорғаныс министрлігі

Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің еліміздің әуе кеңістігі арқылы әуе кемелерінің ұшып өтуіне қатысты ресми мәлімдемесі ретінде ұсынылған бейнеролик таралуда, деп хабарлайды Ult.kz.

Құзырлы органдардың мәліметінше, аталған бейнематериал шындыққа сәйкес келмейді. Видео жасанды интеллект технологияларын (deepfake) пайдалану арқылы жасалған, ал ондағы дауыс бұрынғы сұхбат жазбалары негізінде құрастырылған.

Таратылып жатқан ақпарат қорғаныс ведомствосының ресми ұстанымын білдірмейді.

Мамандар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жалған ақпарат тарату жауапкершілікке әкеп соғатыны еске салынды.