
Халықаралық конькишілер қауымдастығы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатын коронавирустың таралу қаупіне байланысты кейінге шегерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Негізгі жоспар бойынша мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты 16-22 наурыз күндері Монреальда (Канада) өтуі тиіс болатын. Алайда, бұл дода ISU шешімімен белгісіз мерзімге шегерілді.
Сондай-ақ, бүгін спорттық гимнастикадан Дохада (Катар) өтуі тиіс лицензиялық әлем кубогі кезеңі де кейінге шегерілгені белгілі болды. Аталған лицензиялық турнир 18-21 наурыз күндері Катар астанасында өтеді деп жоспарланған болатын.
Бұл дода коронавирус эпидемиясының таралуына байланысты 2020 жылдың 3-6 маусымына шегерілді.
