11 қыр, 2020 сағат 14:20

Коронавирус: Бағдат Қожахметов шетелмен арадағы шектеу шараларына түсінік берді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресим өкілі Бағдат Қожахметов коронавирустың таралуына тосқауыл қою мақсатында көршілес елдермен арадағы шектеу шараларына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында бірқатар елде коронавирус инфекциясының таралуы қайтадан өршіп келе жатқанына байланысты Қазақстанның шетелмен арадағы шекарасының жабылуы мүмкіндігі туралы сұрақ қойылды. 

«Кешегі баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі осы мәселеге мән беріп, Қазақстанның шекаралас мемлекеттеріндегі болып жатқан жағдай туралы мәлімет берді. Біз сол ақпаратты күнделікті зерттеп отырамыз. Бұл тұрғыда Қазақстанның коронавирустың жаңа толқынына тосқауыл қою үшін жасайтын іс-қимылдардың нәтижесі маңызды. Сондықтан Үкімет тарапынан Қазақстанның (шекара арқылы қозғалыс) шектеу жұмыстарын өткізуі әбден мүмкін. Ол енді көршілес мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайларға байланысты», - деді Б. Қожахметов.