29 сәу, 2020 сағат 18:23

Коронавирус: Қазақстанда тағы 30 зертхана ашылады

Қазақстанда COVID-19 вирусын анықтау бойынша тәулігіне 16 мың зерттеу жүргізіледі. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабынан мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ең алдымен, медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және коронавирус инфекциясы пандемиясының таралуымен күресіп жүрген басқа да тұлғалар тексеріледі. Сонымен қатар ауыр созылмалы аурулары бар адамдар, жүкті әйелдер қаралады», - делінген ақпаратта. 

Биылғы мамыр айының соңына дейін зерттеу жұмыстарын тәулігіне 25 мыңға дейін арттыру және Қазақстан бойынша тағы 30 зертхана ашу көзделген. 

«Басты мақсат – инфекцияның жасырын таралу ошақтарын анықтау», - деді Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабынан.