
Ұлттық биотехнология орталығы генетикалық инженерия зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Александр Шустов коронавирусқа қарсы вакцина қашан жасалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз шартты түрде бағдарламаны үш жылға бөлдік. Бірінші жылы барлық гендік инженерлік жұмыстарды аяқтап, биотехнология өнімі ретінде вауцияна жасау керек. Яғни, тірі векторлы вирусты алып тірі векторлы вакцина ретінде қолданып, суббіріктірілген вакцина ретінде қолдануға болатын рекомбинатталған S ақуызын алуымыз керек. Бұл жұмыс 2020 жылдың соңына дейін аяқталуы керек», - дейді Александр Шустов.
Ол келесі екі жылда қандай жұмыстар істелетінін айтты.
«Келесі жылы вакцинаның қорғаныс күшін тексеру керек. Үшінші жылы оның қауіпсіздігіне қатысты сынақтар жасалады. Бұл процесті жылдамдатуға келмейді. Бұл саладан хабары жоқ адам үшін үш жыл тым ұзақ уақыт болып көрінуі мүмкін. Адамдарға арналған биопрепаратты жасаумен айналысып көрмегендер үшін бұл біртүрлі болып көрінуі де мүмкін, себебі эпидемия көз алдымызда болып жатыр. Біз мұндай вакцина жасау барысында кейбір кезеңнен аттап өте алмайтынымызды айтқым келеді», - дейді ғалым.
Бұған дейін Александр Шустов Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина жасау қалай жүріп жатқаны туралы айтқан болатын.
