
Миланнан Тбилисиге ұшып келген 7 жолаушы әуежайдан Грузия астанасындағы жұқпалы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Новости-Грузии сайты.
Әуежайда тексеру кезінде олардың дене қызуы көтерілгені белгілі болды. Кейін жедел медициналық көмектің арнайы тобы оларды емханаға апарған.
Дәрігерлердің айтуынша, пациенттердің денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Зерттеулерді нәтижесі бойынша ерекше өзгерістер байқалмаған.
«Пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық. Бірнеше адамның дене қызуы 37 градусқа жеткен. Тамақ ауруы және құрғақ жөтел болмаса денсаулық жағдайының қиын екенін айтып шағымданғандар жоқ. Олардың тест нәтижелері күннің екінші жартысында белгілі болады», — деп мәлімдеді емхананың дәрігері Александр Гогинава журналистерге.
Грузиялық басылымның мәліметінше, Тбилисидің жұқпалы аурулар ауруханасының боксталған палаталарында 25 пациент жатыр.
Дәрігерлердің айтуынша, олардың барлығының денсаулық жағдайы жақсы. Коронавирусқа әлі 11 адам тексерілмеген. Олардың тест нәтижелері күннің соңына дейін белгілі болуы керек.
Коронавирус жұқтырғаны расталған үш пациенттің жағдайына келетін болсақ, дәрігерлердің айтуынша, олардың ауруы ауыртпашылықтар тудырып отырған жоқ.
«Осы кезеңде оларда асқынған ештеңе жоқ, бақылау және зерттеу кезеңінде. Пациенттердің дене қызуы – 37.3 градус, яғни төмен деңгейде. Әзірге олар ауруханадан шығарылмайды, бірақ науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, асқынады деп ойламаймыз», - деп мәлімдеді Гогинава.
3 наурызда коронавирус жағдайы Грузияда үш адамнан, оның ішінде Иранда болған екі ер адамнан, сондай-ақ Италиядан келген бір әйелден анықталған.
Ел үкіметі 2 наурыздан бастап балабақшалар мен мектептерде екі апталық демалыс жариялады. Грузияның Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирустың үшінші жағдайы тіркелуіне байланысты оқу орындарында дезинфекция жүргізуді ұсынды.
Коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру кеңесі халық көп жиналатын орындарда вирустың таралуын алдын алу мақсатында шараларды өткізбеуге ұсыныс жасады. Кейбір ведомстволар, компаниялар мен ұйымдар қашықтықтан жұмыс істеуге көшкен.
