11 нау, 2020 сағат 15:02

Коронавирус: Таиланд Қазақстан мен басқа елдерге виза беруді тоқтатты

Сәрсенбі күні Таиландтың ішкі істер министрі 18 мемлекеттің елге кіруіне виза беруді тоқтатқанын мәлімдеді. Оның арасында Қазақстан да бар. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Бұған дейін 18 ел мен аумақтың азаматтары Таиландтың иммиграциялық пунктіне келе салып, виза алу үшін төлқұжат немесе жолаушы құжаттарын пайдалана алатын.

Бұл 18 мемлекеттің тізіміне Болгария, Бутан, Қытай (Тайваньды қоса алғанда), Кипр, Эфиопия, Фиджи, Грузия, Үндістан, Қазақстан, Мальта, Мексика, Науру Республикасы, Папуа-Жаңа Гвинея, Румыния, Ресей, Сауд Арабиясы, Өзбекстан және Вануату Республикасы кірген.

Сондай-ақ министр Оңтүстік Корея, Италия және Гонконг азаматтары да виза ала алмайтынын қосып өтті.